Сұрақтар мен жауаптар

 
* Обязательные поля
 

Саламатсызба Мейрамбек!

Сіздің арызыңыз бойынша, “АЖЖ» АҚ-мы, «АЖЭО» АҚ-мы, «ҚТҮКҚК» ЖШС-ың  өкілдерімен, Сіздің пәтеріңізде жылу қызметінің болмауына байланысты комиссиялық тексеру жүргізілді.

Тексеру уақытында үйдің кіреберісіндегі жылудың параметрлері, сыртқы ауаның температурасы бойынша берілген режимге сәйкес болды.

Тұрғын бөлмелеріңіздің біреуінде жылудың жоқтығы расталды.

2 тұрғын бөлмеде және ас бөлмеде  жылу бар, сондай-ақ ауаның температурасы -24 С болған.

 Бұл 2.04-21-2004 «Энергия тұтыну және азаматтық ғимараттарды жылулық қорғау» ҚР СНжЕ –не сәйкес болып табылады.

Жылудың болмауының себебі,  цоколді бөлмедегі бөлек тұрған стояктың вентилінің жабық болуы және жылу құбырларында ауаның тұрып қалуы болды.

Комиссиялық тексеру барысында вентильдер ашылып, «ҚТҮКҚК» ЖШС-ың  өкілдерімен құбырдан ауа жіберілді. Сіздің пәтеріңіздегі жылу толықтай қалпына келтірілді.

Саламатсызба Венера!

     Сіздің , Нұрсая ы/а №96 –шы үйіңіз ағымдағы  жылу мерзімде 2019 жылдың 17 қазан күні жылуға қосылды.

       Жалпы үйлік жылу есептегіші, 2019 жылдың 15 мамыр күні тексеру аралық  мерзімі  біткендіктен, мемлекетік тексеру жұргізу үшін есептен шығарылған, Сол себебпен жылуға есептеу 15 күнге тұтыну нормасымен , яғни жалпы үйлік есептегіштің көрсеткіштері есепке алынбай жүргізілді. Бұл тұралы, жылу есептегіш құралына қызмет көрсетуші «ҚТҮКҚК» ЖШС-і (ТОО «КОЖД»)ескерілген болатын.

      Жалпы үйлік жылу есептегіш құралы тексеруден өтпегендіктен, 2019 жылдың қазан айына жылуға есептеу 1 ш.м-ге 155,89 теңге бекітілген тарифы бойынша жүргізілді.

      Сіздің пәтеріңіз бойынша есептеу , 2019 жылдың қазан айында, жылу қызметі үшін 6072,17 теңге, суды ысыту қызметіне (жеке су есептегіш құралының көрсеткішіне сәйкес-6 куб) 1446,36 теңгені құрайды.

      «Атырау жылуэлектрорталығы» АҚ-мы жылу энергиясының есептегіш құралдарын сату және жылу есептегіштерді мемлекеттік тексеруден өткізумен айналыспайды. Сондықтан, «АЖЭО» АҚ-на мемлекеттік тексеруден өткізу үшін төлем ақы жүргізілгені түралы мәлімет орынсыз.

     Тұрғын үйлерде орнатылған жалпы үйлік жылу есептегіш құралдары үйдің барлық тұрғындарының меншігі болып табылады, сонымен қатар, тұрғындармен өкілетті болып сайланған сенімді тұлғамен қызметке алынады. Бұл жағдайда сенімді тұлға «ҚТҮКҚК» ЖШС-і болып табылады.

     Тексеру жүргізілген жағдайда, «ҚТҮКҚК» ЖШС-і, «Тексеру туралы сертификатты» ұсына отырып  «АЖЭО» АҚ-ын жазбаша түрде ескерту қажет, әрі қарай оны пломбалап есепке алу үшін.

     Бүгінгі таңда, «АЖЭО» АҚ-мы мекен-жайына,  Нұрсая ы/а №96 –шы үдің жалпы үйлік жылу есептегіш құралын есепке алу туралы «ҚТҮКҚК» ЖШС-нен өтініш түскен жоқ.

     Жылу есептегіш құралының тексеруден өткізілмегені жөнінде, Сізге «ҚТҮКҚК» ЖШС-не жүгіну қажет.