Хабарландыру

 

Құрметті  Атырау қаласының жылу энергиясын тұтынушылары !

 

Атырау қаласында "тұрғындар" тобы бойынша коммерциялық ретінде жұмыс істейтін және жылу энергиясы үшін есептеулерде пайдаланылатын жылу энергиясын есепке алудың 650 жалпыүйлік есептеу құралдары (бұдан әрі- ЖЭЖҮЕҚ) орнатылды. Оның ішінде бүгінгі таңда 392-сі мерзімдік тексеру мерзімі өткен және оларды жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес коммерциялық деп тануға болмайды.

ЖЭЖҮЕҚ  көп қабатты тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың барлық иелерінің ортақ меншігі болып табылады және тексеру жауапкершілігі меншік  иелеріне жүктеледі.

2023 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша тексеруден кейін тек 2 ЖЭЖҮЕҚ коммерциялық болып қабылданды, бұл тексеруге жататын ЖЭЖҮЕҚ жалпы санының небәрі 0,5% құрайды.

Сонымен қатар, «басқа» және «бюджеттік» топтағы тұтынушыларда 610 жеке жылу энергиясын есептегіш құралы (бұдан әрі-ЖЭЖЕҚ ) бар.

Оның ішінде 211 ЖЭЖЕҚ-ы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы басталғанға дейінгі кезеңде тексерілуге жатады.

2023 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша тексеруден кейін тек 8 ЖЭЖЕҚ-ы коммерциялық болып қабылданды, бұл тексеруге жататын ЖЭЖЕҚ-ң жалпы санының небәрі 4% құрайды.

«Атырау ЖЭО» АҚ-мы Атырау қаласының барлық санаттағы жылу энергиясын тұтынушыларына 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы басталғанға дейін (шамамен 2023 жылдың 15 қазаныны) ЖЭЖҮЕҚ-ы  мен ЖЭЖЕҚ-ы   тексеруден өтпеген жағдайда,

жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жылу энергиясын тұтыну үшін есептеу "тұрғындар" тобы үшін белгіленген тұтыну нормасы бойынша , "басқалар" және "бюджет"тобы үшін шарттық жүктеме бойынша жүргізілетін болады.                                                                                                                                                                                         2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңінде барлық санаттағы тұтынушылардың бюджетіне қаржылық жүктеменің артуына жол бермеу үшін, «АЖЭО» АҚ-мы жылу энергиясын тұтынушыларға жылу энергиясын есепке алу құралдарын тексеру  және оларды коммерциялық  ретінде  тапсыру жөніндегі жұмыстарды жеделдетуді  ұсынады.