"Атырау жылуэлектрорталығы" ЖШС-нің 2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша Инвестициялық бағдарламасының күтілетін орындалу барысы туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 20.11 №81-ОД бірлескен бұйрығына және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2025 жылғы 27.11 №190-НҚ бұйрығына сәйкес, 2026–2030 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке инвестициялық бағдарлама бекітілді, оның ішінде 2026 жылға 469 466,55 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Қазіргі уақытта барлық іс-шаралар бойынша тендерлер өткізілді, жабдықтарды сатып алу және жұмыстарды орындау үшін жеткізушілермен шарттар жасалды. Негізгі және қосалқы жабдықтардың қосалқы бөлшектерін дайындау жұмыстарын өндіруші зауыттар жүзеге асыруда, оларды дайындау мерзімі 150–180 күнтізбелік күнді құрайды.