Құрметті Атырау қаласының жылу энергиясын тұтынушылары!
Атырау қаласында «халық» тобы бойынша 650 жылу энергиясын есепке алудың жалпыүйлік аспаптары (бұдан әрі – ЖЕЖА) орнатылған, олар коммерциялық ретінде жұмыс істейді және жылу энергиясы үшін есеп айырысуда қолданылады. Олардың ішінде қазіргі уақытта 392 ЖЕЖА мерзімді тексеру мерзімі өтіп кеткен және жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес коммерциялық деп танылмайды. ЖЕЖА көпқабатты тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың барлық иелерінің ортақ үлестік меншігі болып табылады, ал оларды тексеру міндеті иелеріне жүктеледі. 2023 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша тексеруден кейін коммерциялық ретінде бар болғаны 2 ЖЕЖА қабылданған, бұл тексеруге жататын жалпы ЖЕЖА санының 0,5%-ын ғана құрайды. Сонымен қатар, «өзге» және «бюджет» топтары бойынша тұтынушыларда жылу энергиясын есепке алудың 610 жеке аспабы (бұдан әрі – ЖЕА) орнатылған.Олардың ішінде 211 ЖЕА 2023–2024 жылдардағы жылыту маусымы басталғанға дейін тексеруден өтуі тиіс. 2023 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша тексеруден кейін коммерциялық ретінде бар болғаны 8 ЖЕА қабылданған, бұл тексеруге жататын жалпы ЖЕА санының 4%-ын ғана құрайды.«Атырау ЖЭО» АҚ Атырау қаласының барлық санаттағы жылу энергиясын тұтынушыларына 2023–2024 жылғы жылыту маусымы басталғанға дейін (шамамен 2023 жылғы 15 қазан) ЖЕЖА және ЖЕА тексеруі жүргізілмеген жағдайда, жылу энергиясын тұтынғаны үшін төлем жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес «халық» тобы үшін белгіленген норма бойынша, ал «өзге» және «бюджет» топтары үшін шарттық жүктеме бойынша есептелетінін ескертеді.2023–2024 жылғы жылыту кезеңінде тұтынушылардың барлық санаттарына қаржылық жүктеменің артуын болдырмау үшін «Атырау ЖЭО» АҚ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеруден өткізу жұмыстарын жеделдетуді және оларды коммерциялық ретінде пайдалануға беруді қатаң түрде ұсынады.