Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Департаментінің Атырау облысы бойынша 28.08.2020 ж. №67-Ө бұйрығы және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 28.08.2020 ж. №109-Ө бұйрығы негізінде 2021–2025 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру және жеткізу бойынша реттелетін қызметке инвестициялық бағдарлама бекітілді, оның ішінде 2022 жылға 200 879,81 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Қазіргі уақытта барлық іс-шаралар бойынша тендерлер өткізілген, жабдықтарды сатып алу және жұмыстарды орындау үшін жеткізушілермен шарттар жасалған. Негізгі және қосалқы жабдықтардың қосалқы бөлшектерін дайындау жұмыстары өндіруші зауыттарда жүргізілуде, олардың дайындалу мерзімі 150–180 күнтізбелік күнді құрайды.