Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Департаменті мен Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арасындағы 28.08.2020 ж. №67-Ө бірлескен бұйрығына сәйкес 2022 жылға жылу энергиясын өндіру және жеткізу бойынша реттелетін қызметке арналған инвестициялық бағдарлама 200 879,81 мың теңге сомасында бекітілді.
Бекітілген уәкілетті органның инвестициялық бағдарламасында көзделген іс-шаралар «АТЭЦ» АҚ тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес орындалуда.
Қазіргі уақытта инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар жеткізушілермен жасалған материалдар, жабдықтар сатып алу және жұмыстар мен қызметтерді орындау туралы шарттарға сәйкес жүзеге асырылуда, және 2022 жылдың соңына дейін инвестициялық бағдарлама бойынша барлық іс-шаралардың толық игерілуі күтілуде.