«АТЭЦ» ЖШС-нің жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттелетін қызмет бойынша Инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы күтілетін ақпарат 2025 жылдың III тоқсаны бойынша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 28.08.2020 ж. №67-ОД және Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 28.08.2020 ж. №109-Ө бірлескен бұйрығына сәйкес 2021–2025 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру және жеткізу жөніндегі реттелетін қызмет бойынша инвестициялық бағдарлама бекітілген, оның ішінде 2025 жылға 429 313,26 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Уәкілетті орган бекіткен Инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шаралар «АТЭЦ» ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес орындалуда.
Қазіргі уақытта Инвестициялық бағдарлама аясындағы іс-шаралар жабдықтар, материалдар мен жұмыстарды сатып алуға арналған жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылуда, және 2025 жылдың соңына дейін Инвестициялық бағдарламаның толық орындалуы күтілуде.