«Атырау жылу электр орталығы» акционерлік қоғамы жөндеу жұмыстарын 2023 жылы бастаған.

10.04.2023

сайтқа арналған сурет

АҚ «АТЭЦ» 1963 жылдан бастап жұмыс істейді. Қоғам құрамына екі өндірістік нысан кіреді – Атырау ЖЭО және аудандық қазандық.

Негізгі қызмет түрлері электр энергиясын өндіру және сату, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру және жеткізу болып табылады.

Қазіргі уақытта станцияда 14 қазандық агрегаты және 11 бу турбинасы пайдаланылуда.

сайтқа арналған сурет

Атырау қаласы мен Атырау облысы тұрғындарын электр және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін

жыл сайын бекітілген кестеге сәйкес жабдықтарға (қазандықтар, турбиналар) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта №5 қазандық агрегаты күрделі жөндеуде тұр.

сайтқа арналған суретсайтқа арналған суретсайтқа арналған суретсайтқа арналған сурет

Қазандық агрегатта келесі жұмыстар қарастырылған:

1) І және ІІ сатыдағы бу салқындатқыштарды ауыстыру.

2) Төменгі коллектордан жоғарғы коллекторға дейінгі артқы экрандық блоктарды ауыстыру.

Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі кесте бойынша 09.06.2023 жыл.

Қазіргі уақытта №12 турбоагрегат жоспардан тыс жөндеуде, генератор роторын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

сайтқа арналған суретсайтқа арналған суретсайтқа арналған сурет

Сонымен қатар 2023–2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында станцияның негізгі жабдықтарына келесі күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған:

1) №8 қазандық агрегаты. Мерзімі: 20.06.2023–08.09.2023 ж. Жұмыс түрлері: бу салқындатқыштарды ауыстыру, артқы экрандық блоктарды ауыстыру, су экономайзерінің ажыраған змеевиктерін қалпына келтіру.

2) №12 қазандық агрегаты. Мерзімі: 03.07.2023–31.07.2023 ж. Типтік жөндеу: су экономайзерінің ажыраған змеевиктерін қалпына келтіру.

3) №7 турбоагрегат. Мерзімі: 12.06.2023–15.08.2023 ж. Жұмыс түрлері: стопорлы клапанды ауыстыру, ЦВД-2 иінін ауыстыру, тығыздағыштарды ауыстыру, ПНД №5 және ОУ түтікшелерін ауыстыру, генератордың типтік жөндеуі.

4) №10 турбоагрегат. Жөндеу мерзімі: 01.09.2023–31.10.2023 ж. Жұмыс түрлері: диафрагмаларды ауыстыру, ПВД монтажы, іріктемелерді қалпына келтіру, турбина роторын ауыстыру, генератордың типтік жөндеуі.

Жылыту маусымына (2023–2024 жж.) дайындық бойынша жоспарланған іс-шаралар бекітілген мерзімде және толық көлемде орындалады.