Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Департаментінің Атырау облысы бойынша 28.08.2020 ж. №67-Ө бұйрығы және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 28.08.2020 ж. №109-Ө бұйрығы негізінде 2021–2025 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру және жеткізу бойынша реттелетін қызметке инвестициялық бағдарлама бекітілді, оның ішінде 2022 жылға 200 879,81 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Уәкілетті орган бекіткен инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шаралар «АТЭЦ» АҚ тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес орындалуда.