Энергетика вице-министрі Сұңғат Қуатұлы Есімхановтың жұмыс сапары
16.07.2024
Бүгін, 2024 жылғы 17 шілдеде, Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Есімханов Сұңғат Қуатұлы жұмыс сапарымен «Атырау ЖЭО» АҚ-да болды. Сапар барысында 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері қарастырылып, негізгі және қосалқы жабдықтарға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Атырау ЖЭО» АҚ арасында жасалған инвестициялық келісім аясында пайдалану мерзімі аяқталған қуаты 60 МВт №6 турбоагрегатты қуаты 65 МВт жаңа турбинаға ауыстыру жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарының аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отырғаны туралы баяндалды.