2024 жылғы 29 шілдеде «Ақ Жайық» газетінің беттерінде, оның azh.kz сайтында, Astanatv.kz интернет-порталында, сондай-ақ Виктор Сутягиннің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында балықтың жылы каналдағы қырылуы туралы мақалалар жарияланды.
«Атырау ЖЭО» АҚ аталған жарияланымдарға байланысты төмендегіні хабарлайды. Ең алдымен, балықтың қырылуына байланысты сипатталған жағдай жарияланым авторлары мен блогерлер асығыс түрде қоғамға хабарлағандай «Атырау ЖЭО» АҚ-ның меншігіндегі жылы каналда емес, Атырау қаласының теңгеріміндегі Приморск суару жүйесінің арналарынында орын алғанын атап өткен жөн. Су тасқыны мен көктемгі тасқынға байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі кезеңінде ықтимал ауқымды салдардың алдын алу мақсатында ТЖ штабының нұсқауы бойынша Атырау қаласына тиесілі суару каналының бөгеті ашылды. Бұл шара стратегиялық маңызы бар нысандар – «АНПЗ» ЖШС мен «Атырау ЖЭО» АҚ нысандарын су басудан қорғау мақсатында суды Приморск суару жүйесіне бұру үшін жүргізілді. Сонымен қатар балықтың суару арналарына түсу мүмкіндігі жоққа шығарылмады. Қазіргі уақытта Атырау қаласына қатысты суару арналарынында тасқын суының салдарынан арнаға түскен шабақтардың едәуір көлемі тіркелді. Су деңгейі төмендегеннен кейін шабақтар жылы су ағатын ЖЭО су төгіндісі бағытына қарай, яғни суы мол ортаға ұмтылып, ағысқа қарсы көше бастады. Бұл өз кезегінде судағы оттегі режимінің нашарлауына алып келді. Сонымен қатар «Атырау ЖЭО» АҚ-ға тиесілі арналarda балықтың түсуі анықталған жоқ, себебі уақтылы балық қорғаныс құрылғылары орнатылған болатын. Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, «Атырау ЖЭО» АҚ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейді және тексерілмеген ақпаратты жарияламас бұрын оны біздің кәсіпорын өкілдерімен талқылау қажет еді деп санайды. Осыған байланысты газет беттерінде ресми теріске шығару жариялауды және болашақта жарияланатын мәліметтердің дұрыстығын тексеруді сұраймыз.