Атырау қаласының жылу энергиясын тұтынушылар назарына!

27.06.2025

Атырау қаласының жылу энергиясын тұтынушыларының назарынa!

«Атырау жылу электр орталығы» ЖШС жылу энергиясын тұтынушыларға 2025 жылғы 1 шілдеден бастап, Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі №120-VIII ҚРЗ «Жылу энергетикасы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, жылу энергиясын тұтынушыларға сату (жабдықтау) қызметі тоқтататылатыны туралы.

«Атырау жылу жүйелері» ЖШС 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жоғарыда аталған Заңның талаптарына сәйкес тұтынушыларға жылу энергиясын сату (жабдықтау) қызметін жүзеге асыруды бастайды.

Сондай-ақ, «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС жылу энергиясымен жабдықтау қызметтері үшін қарызы бар тұтынушыларды, сондай-ақ, аталған қарыз «АЖЭО» ЖШС-не тиесілі болғанымен, талап ету құқығын беру туралы шарт негізінде «Атырау жылу жүйелері» ЖШС-не берілгені туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, «Атырау жылу жүйелері» ЖШС борышкерлерге қатысты аталған қарыз бойынша талап ету құқығына ие жалғыз құқылы тұлға болып табылады.

«Атырау жылу электр орталығы» ЖШС әкімшілігі